31.01.2011, 16:24 7092

Ақмола облысында үшінші сыныптың оқушысы өз өміріне қол салды

Ақмола облысында үшінші сыныптың оқушысы өз өміріне қол салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Ақмола облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 31 - қаңтар. Kazakhstan Today - Ақмола облысында үшінші сыныптың оқушысы өз өміріне қол салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Ақмола облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, оқиға 30-қаңтар күні Есіл ауданы Двуречное ауылында болған. "Есіктің алдындағы жаздық душ кабинасында 2001 жылы туылған кәмілетке толмаған баланың денесі табылды", - деп айтылған хабарламада. Мектеп оқушысы асылып өлген. ІІД-нің мәліметінше өлген баланың денесінде ешқандай зорлық-зомбылық жарақаттарының белгілері табылмаған.

Сонымен қатар, баспасөздің хабарлауы бойынша, Сандықтау ауданында жексенбі күнге қараған түні тоғызыншы сынып оқушысының денесі табылған. Оның денесінен ешқандай зорлық-зомбылық жарақаттарының белгісі анықталған жоқ. "1995 жылы туылған кәмілетке толмаған 9 сынып оқушысының денесі табылды",- деп айтылған хабарламада. Хабарламада көрсетілгендей, болжам бойынша, ол моншада тұншықтырғыш газдан уланып қаза тапқан.

Осы фактілер бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табылған дене мәйтханаға жіберіліп, сараптау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қайтыс болған баланың таныстары мен туған туыстарынан жауап алынуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны