21.05.2008, 10:06 1219

Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, "Екатеринбург - Алматы (1320 шақырым) тас жолының бойында Ақмола облысының Аршалы ауданында 20 мамырда 19 сағат 45 минутта "ФАФ" автокөлігінің жүргізушісі басып озамын деп "Тойота" автокөлігімен соқтығысты, ал ол қарсы бағытта келе жатқан Қарағанды облысы ІІД жол полициясы басқармасының "ВАЗ-2110" патрульдік көлігімен соғысқан, соңғысы Астанадан Қарағандыға бет алған балалар отырған үш автобуспен еріп келе жатқан".

Жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны