15.02.2010, 10:02 1179

Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Ақмола облысының Есіл ауданы Бұзылық ауылында жол апатынан төрт адам қаза тауып, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жезқазған - Петропавловск тас жолының 542-ші шақырымында сағат 15.30-да КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі "Фольксваген" автокөлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан 54,34 және 28 жастағы үш әйел мен 4 жасар бала оқиға орнында жан тапсырып, 42 жастағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны