12.11.2009, 09:50 1498

Ақмола облысында жол апатының салдарынан бір адам мерт болды, тағы бір адам жарақатпен ауруханаға түсті

Ақмола облысында жол апатының салдарынан бір адам мерт болды, тағы бір адам жарақатпен ауруханаға түсті

Астана. 12 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысының Бурабай ауданында жол апатының салдарынан бір адам мерт болды, тағы бір адам жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апаты сәрсенбі күні сағат 23.35-те Көкшетау-Бурабай тас жолының 42-ші шақырымында болды. "БМВ" және "ГАЗель" көліктері соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан "БМВ" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны