15.06.2009, 10:00 1209

Ақмола облысында жолаушылар пойызы мен жол төсеуші көліктің соқтығысуы салдарынан жолаушылар тасымалдайтын төрт пойыздың қозғалысы бір тәулікке тежелді

Ақмола облысында жолаушылар пойызы мен жол төсеуші көліктің соқтығысуы салдарынан жолаушылар тасымалдайтын төрт пойыздың қозғалысы бір тәулікке тежелді

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысында жолаушылар пойызы мен жол төсеуші көліктің соқтығысуы салдарынан жолаушылар тасымалдайтын төрт пойыздың қозғалысы бір тәулікке тежелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақмола облысының Ерейментау ауданында Еркіншілік-Едіге өткелінің 105-ші шақырымында 13 маусымда сағат 23.55-те Алматы - Павлодар бағытындағы №46 жолаушылар пойызы 40-шы станцияның жол төсеуші көлігімен соқтығысты. Темір жол төсенішіне айтарлықтай ақау келген жоқ. Сағат 02.30-да жолаушылар вагоны Еркіншілік станциясына жеткізілді.

Апат салдарынан Павлодар - Астана бағытындағы №673, Лениногорск - Астана бағытындағы №375, Павлодар - Алматы бағытындағы №45, Ерейментау - Көкшетау бағытындағы №689 электропойыздардың қозғалысы бір тәулікке тежелді.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 14 маусымда сағат 18.00-дегі жағдаймен жөндеу қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, пойыздардың қозғалысы толық жанданды. Апаттың зардабын жоюға Ерейментау мен 40-шы теміржол станциясының қалпына келтіруші пойыздары жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны