09.07.2009, 10:02 1376

Ақмола облысындағы "Бурабай" табиғи паркінде үш гектардан астам аумақта шыққан орман өрті бір тәулік бойы сөндірілді

Ақмола облысындағы "Бурабай" табиғи паркінде үш гектардан астам аумақта шыққан орман өрті бір тәулік бойы сөндірілді

Астана. 9 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысындағы "Бурабай" табиғи паркінде үш гектардан астам аумақта шыққан орман өрті бір тәулік бойы сөндірілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақмола облысының Щучинск ауданындағы мемлекеттік "Бурабай" табиғи паркінің Ақылбай орман шаруашылығында 7 шілдеде сағат 17.41-де орман массиві өртенді.

Өрт 8 шілдеде сағат 02.49-да шоғырландырылып, сағат 16.00-де сөндірілді. Өрт аумағы 3,2 гектарды құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны