22.04.2010, 10:07 1411

Ақмола облысындағы құс фабрикасында болған өрттен 4,5 мыңдай тауық қырылды

Ақмола облысындағы құс фабрикасында болған өрттен 4,5 мыңдай тауық қырылды

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Өткен тәулікте Ақмола облысындағы құс фабрикасында болған ірі өрттен 4,5 мыңдай тауық қырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "өрт таңертенгі сағат 11.25-те Аршалы ауданы, Ижевское кентіндегі құс фабрикасының құстарды өсіретін №1-ші цехынан шыққан. Өрттің салдарынан барлығы 4440 тауық қырылды. Жалынның шарпыған жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрады".

Өрт ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеке құрамдағы 28 адамы мен 7 техникасының күшімен 16 сағат 11 минутта толық сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны