20.08.2012, 11:36 3185

Ақмола облысының тасжолында болған ірі көлік апатынан 15 адам қаза тауып, 22 адам ауруханаға жеткізілді

19 тамыз күні Ақмола облысына қарасты Бабатай ауылының маңында, "Алматы-Екатеринбор" тасжолының 1310-шы шақырымында "Астана-Қарағанды" бағдарымен жүріп келе жатқан, ішінде 31 адам отырған "Yutong" автобусы, "Shaanxi" жүк көлігі және "Ауди" жеңіл көлігі соқтығысып қалған.

Астана. 20-тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысының тасжолында болған ірі көлік апатынан 15 адам қаза тауып, 22 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жексенбі, 19 тамыз күні Ақмола облысына қарасты Бабатай ауылының маңында, "Алматы-Екатеринбор" тасжолының 1310-шы шақырымында "Астана-Қарағанды" бағдарымен жүріп келе жатқан, ішінде 31 адам отырған "Yutong" автобусы, "Shaanxi" жүк көлігі және "Ауди" жеңіл көлігі соқтығысып қалған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан автобустың жүргізушісі мен оның 14 жолаушысы, соның ішінде бір бала оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақаттар алған 22 адам ауруханаға жеткізілді.

ТЖ орнында ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 4 техникасы, ҚР ТЖМ "Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы" ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ "Апаттық медицина орталығы" ММ-нің 3 адамы мен 1 техника бірлігі жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны