30.06.2009, 10:17 3149

Ақмола және Ақтөбе облыстарында шахталарда болған оқыс оқиғалардың салдарынан бір адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

Ақмола және Ақтөбе облыстарында шахталарда болған оқыс оқиғалардың салдарынан бір адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола және Ақтөбе облыстарында шахталарда болған оқыс оқиғалардың салдарынан бір адам қаза тауып, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Степногорск қаласының Бестөбе кентінде "Қазақалтын" АҚ-ның "Центральный участок №2" шахтасында 29 маусымда сағат 19.45-те №610 горизонттан көтерілу барысында абайсыздық салдарынан "Қазақалтын" АҚ-ның 50 жастағы электровоз машинисі шахтаның ұңғымасына торшарбақтан құлап, қаза тапты.

Тағы бір оқыс оқиға Ақтөбе облысының Хромтау қаласында Дон тау-кен байытау комбинатының "Молодежная" шахтасынба болды. 29 маусымда сағат 02.25-те жарылыс жұмыстары кезінде кен кесектері өзіндігінен опырылды. Соның салдарынан "Қазхром" А-ның жарғыш жұмысшысы жарақаттанып ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Астана қаласының Алматы ауданындағы Айманов көшесінде 29 маусымда сағат 11.22-де "Фаворит" тұрғын үй кешеніндегі құрылыс жұмыстары кезінде ағаш опалубканың опырылуы салдарынан "Қазмонтажстрой" АҚ-ның 37 жастағы жұмысшысы жарақаттанып, қаза тапты.

Тағы да осы күні бір оқыс оқиға Қызылорда облысының Жалағаш ауданы Аққұм кентінде болды. Сағат 14.30-да жер қазу жұмыстары кезінде "Қазқұрылыс Сервис" ЖШС-нің 26 жастағы жұмысшысы опырылып түскен топырақтың астында қалып, алған жарақаттардан қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны