18.04.2011, 14:29 4709

АҚШ болған торнада құрбандарының саны 45-ке жетті

АҚШ болған торнада құрбандарының саны 45-ке жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 18 - сәуір. Kazakhstan Today - АҚШ болған торнада құрбандарының саны 45-ке жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-ғы торнада салдарынан, 17 сәуірдегі деректер бойынша, кем дегенде 45 адам қаза тапқан. Бұл туралы Lenta.ru Associated Press агенттігі хабарлаған.

Сенбіге қараған түні 62 торнадо тіркелген Солтүстік Каролинаның өзінде, табиғи апаттан 21 адам көз жұмды.

Солтүстік Каролина губернаторы Беверли Пердью (Beverly Perdue) штатқа төтенше жағдай режимі енгізілгені туралы жария етті. Губернатордың сөзіне қарағанда, штат аумағында 1984 жылдың наурызынан бері мұншалықты көп көлемде торнада тіркелмепті. Ол кезде Солтүстік Каролинада дауыл құрбандарының саны 42 адамға жетсе, көрші Оңтүстік Каролинада 15 адам қайтыс болған.

Солтүстік Каролинадағы торнада салдарынан, 16 сәуірге қараған түні 250 мыңға жуық адам уақытша электр қуатынсыз қалды. Жөндеу бригадалары қазірдің өзінде зардап шеккен аудандардағы электрмен жабдықтау қондырғыларын толығымен қалпына келтірді, дегенмен апат қызметтері электр қуатын беруде қысқа мерзімді үзілістер кем дегенде жергілікті уақыт бойынша дүйсенбінің таңертеңіне дейін жалғасатынын ескертті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны