14.03.2011, 17:05 3559

АҚШ солтүстік шығыс аймағында су тасқыны болды

АҚШ солтүстік шығыс аймағында су тасқыны болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 14 - наурыз. Kazakhstan Today - АҚШ солтүстік шығыс аймағында су тасқыны болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың солтүстік шығыс аймағында толассыз жауған жаңбыр мен қардың еруі салдарынан Пассаик өзеніндегі су деңгейі бір жарым метрге көтеріліп, су тасқыны орын алған.

Апатқа Нью-Йорк, Нью-Джерси және Коннектикут штаттары ұшыраған. Осыған байланысты осы үш штаттың 30-дан аса ауданында дабыл қағылды. Үкімет жағдайы тым асқынған аймақтарда төтенше жағдай жариялауы мүмкін.

Нью-Джерси штатында 2 мыңға жуық үйдің тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Мамандардың айтуынша, алдағы бірнеше күнде судың қайтатын түрі байқалмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны