16.07.2009, 11:34 1623

АҚШ-та долларды қолдан жасағаны үшін Қазақстанның екі азаматы тұтқындалды - телеарна

АҚШ-та долларды қолдан жасағаны үшін Қазақстанның екі азаматы тұтқындалды - телеарна

Алматы. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ-та долларды қолдан жасағаны үшін Қазақстанның екі азаматы тұтқындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"19 жастағы Илібек Тайлақов пен 21 жастағы Александр Кустовский жасанды ақша жасаумен шұғылданған. Оларды осындай қылмысы үшін Массачусетс штатының Чатем қаласының тәртіп сақшылары ұстаған.

АҚШ БАҚ-тарының мәліметінше, жігіттерді жалға алған пәтерлерінде қолға түсірген. Тінту кезінде олардан екі компьютер, принтер, бірнеше флеш-тасымалдаушылар, 20 және 100 долларлық 700-ден астам купюралар табылған. "Полицейлерді әлденеден сезіктеніп, сақтық танытқан көршілері шақырған. Қазір тәртіп сақшылары Қазақстан азаматтарының өздері қолдан жасаған ақшаның қаншасын жұмсап үлгергенін анықтауда. АҚШ заңына сәйкес ақшаны қолдан жасағаны үшін олар 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін".

КТК телеарнасының хабарлауынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл оқиға туралы түсініктеме беруден бас тартып, жасанды ақша жасаушылар туралы ақпаратты Қазақстандық журналистерден ғана естігендерін жеткізді.

ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ільяс Омаровтың түсіндіруінше, А. Кустовский мен И. Тайлақов экстрадицияланбайды. Олар жазаны АҚШ-та өтемек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны