05.02.2010, 13:55 3107

АҚШ-та магнитудасы 6,0 балл құраған қуатты жер сілкінісі болды

АҚШ-та магнитудасы 6,0 балл құраған қуатты жер сілкінісі болды

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - АҚШ жағалауларында магнитудасы Рихтер өлшемі бойынша 6,0 балл құраған қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметінше, жер асты дүмпулері Фортуна қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 68 шақырымда 11,2 шақырым тереңдікте және Калифорния штатының әкімшілік орталығы Сакраменто қаласынан солтүстік-батысқа қарай 363 шақырымда тіркелген.

Құрбан болғандар мен қираулар және цунами қаупі туралы ақпар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны