29.02.2016, 13:12 6675

АҚШ-та өгей әкелерініӊ қолынан мерт болған қос жеткіншек Көкшетауда туған

Қазақстанныӊ Білім және ғылым министрлігі АҚШ азаматтары асырап алған қазақстандық балалардыӊ қазасына байланысты көӊіл айтып, мерт болған қос жеткіншектіӊ Көкшетауда туғанын және Щучьедегі Сәбилер үйінде тәрбиеленгенін мәлімдеді

Астана. 29 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Білім және ғылым министрлігі АҚШ азаматтары асырап алған қазақстандық балалардыӊ қазасына байланысты көӊіл айтып, мерт болған қос жеткіншектіӊ Көкшетауда туғанын және Щучьедегі Сәбилер үйінде тәрбиеленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"1997 жылғы Тимур Даниярұлы Көктиев пен 1999 жылғы Дамир Дулатұлы Ибдірахманов (асырап алғаннан кейін - Карлсон Тори - Тимур және Карлсон Куинн - Дамир) Ақмола облысыныӊ Көкшетау қаласында туған және Шучьедегі Сәбилер үйінде тәрбиеленген", - делінген ҚР БҒМ таратқан хабарламада, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қолда бар деректерге сүйенсек, Ақмола облысы Щучье аудандық сотыныӊ Т.Д.Көктиев пен Д.Д.Ибдірахмановты асырап алу туралы шешімі 2002 жылдыӊ шілдесінде заӊды күшіне енген.

Асырап алу кезінде Тимур 5 жаста, Дамир 3 жаста болыпты.

Асырап алғандар - 1957 жылғы Карлсон Терри Уильям мен 1966 жылғы Карлсон Лана Джейн, екеуі де АҚШ азаматтары. Балаларды асырап алу кезінде қос азамат та Вашингтон штатыныӊ Сиэтл қаласында тұрған.

Қазақстанныӊ Білім және ғылым министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен үйлесімді жұмыс жүргізіп, оқиға барысын назарда ұстауға уәде етті.

Естеріӊізге салып өтсек, жұма күні Вашингтон штатында Белфэйр тұрғыны өз әйелі Лана Карлсон мен 16 мен 18 жастағы асырап алған екі баласын - Тори мен Куиннаны және тағы бір қызды атып өлтірген еді.

АҚШ-та көз жұмған екі жеткіншектіӊ Қазақстаннан асырап алынғаны белгілі болды. Мұны балалардыӊ өгей шешесі Лана Карлсонныӊ әпкесі растады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны