07.10.2010, 15:23 3026

Ақтау тұрғыны аккумулятор батареясын жарылғыш зат екен деп ТЖД хабар берген

Ақтау тұрғыны өз үйінің подъездінде тұрған аккумулятор батареясын жарылғыш зат екен деп ТЖД хабар берген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 7 - қазан. Kazakhstan Today - Ақтау тұрғыны өз үйінің подъездінде тұрған аккумулятор батареясын жарылғыш зат екен деп ТЖД хабар берген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 20.15 ТЖД кезекші бөліміне төртінші ықшамауданы үйлерінің бір тұрғынынан үйдің үшінші және төртінші қабаттарының арасындағы баспалдақта жарылғыш заттың тұрғандығы туралы хабар келіп түскен.

Үйден 46 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Арнайы жүргізілген шаралардың нәтижесінде табылған заттың жарылғыш зат емес, кәдімгі аккумулятор батареясы екендігі белгілі болған, деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны