10.12.2009, 10:03 2803

Ақтауда базарда өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Ақтауда базарда өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтауда базарда өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "28 "а"ықшамауданындағы "Рид СК" ЖШС базарының аумағында 9 желтоқсанда сағат 17.07-де халық тұтынатын тауар сатылатын алты бутикте өрт шықты. Өрттің жалпы аумағы 90 шаршы метрді құрады. 40 адам сыртқа шығарылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ".

Өрт Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 22 адамының күшімен 17 сағат 55 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны