07.03.2013, 14:20 3098

Ақтауда фастфуд жеген соң он жастағы қыз бала комаға түсіп, артынша қаза болған

Қыз бала облыстық балалар ауруханасына 7-ақпан күні жеткізілді, деп хабарлады бейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" осы медициналық мекеменің бас дәрігерінің міндетін атқарушы Илия Ешімова.

Ақтау. 7-наурыз. Kazakhstan Today - Ақтауда фастфуд жеген соң он жастағы қыз бала комаға түсіп, артынша қаза болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қыз бала облыстық балалар ауруханасына 7-ақпан күні жеткізілді, деп хабарлады бейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" осы медициналық мекеменің бас дәрігерінің міндетін атқарушы Илия Ешімова.

"Қыздың анасы ол мектептен кейін чипсы, қытырлақ нан және қуырылған картоп жеген соң науқастанып қалды, деп санайды, Қыз бала құса бастаған, сіңірлері тартылған. Баланың жағдайы ауыр болды", деді ол.

Бала жан сақтау бөліміне жатқызылған, онда ол метаболиялық комаға түскен.

"2 наурыз күні сағат 17:30 қыз бала есін жимастан қаза болды. Біз оған "аралас энцефалопатия, тартылу синдромы, метаболиялық кома, "кантрикал" препаратына анафилактикалық рекация" деген диагноз қойдық. Ерітіндіні сараптамаға жолдадық, нәтижесін күтіп отырмыз", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны