04.02.2011, 15:21 4448

Ақтауда газ тасығыш көлік жарылды

Ақтауда газ тасығыш көлік жарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 4 - ақпан. Kazakhstan Today - Ақтауда газ тасығыш көлік жарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости ақпараттық агенттігі, Ақтау темір жолы өткелінің маңында газ жарылысы болды, жараланғандар жоқ, деп хабарлады Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бейсенбі күні сағат 16.19 кезінде Ақтау қаласындағы темір жолының промзона бағытына қараған өткелінің маңындағы жолда "ЗИЛ-130" автокөлігіндегі (3тонна,көлемінде жартылай бос)" газ жарылды", деп айтылған жұма күні жарияланған хабарламада.

Жарылыс салдарынан қасында тұрған "HOWA" маркалы газ тасығыш көліктің кабинасы өртенген.

Өрт сөндіру қызметкерлерінің күшімен, тілсіз жауды қасында тұрған екі үлкен алты тонналық цестернаға жайылмай тұрып дереу сөндірілді, деп айтылған ТЖМ. Мекеменің мәліметінше, қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны