26.05.2010, 10:22 1312

Ақтауда Каспий теңізіне екі жасөспірім батып кетті

Ақтауда Каспий теңізіне екі жасөспірім батып кетті

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Ақтауда Каспий теңізіне екі жасөспірім батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 25 мамырда сағат 13.58-де Ақтауда 16 жасар екі жасөспірім суда жүзіп жүріп, Каспий теңізіне батып кетті. Олардың бірінің мәйітін судан құтқару қызметі сағат 16.28-де шығарып алды, екіншісін іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Зеленое ауылында 25 мамырда сағат 10.30-да Деркул өзеніне 34 жастағы жігіт қайықтың аударылуы салдарынан батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметі шығарып алды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Алматы облысында кеше мамыр айының басында суға батып кеткен 9 жасар баланың мәйіті табылған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 9 мамырында сағат 13.00-де Алматы облысының Қаратал ауданындағы Новый мир ауылындағы Қаратал өзеніне 48 жастағы әйел мен 9 жасар бала батып кеткен. әйелдің мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарып алды. Ал баланың мәйітін кеше сағат 14.17-де судан құтқару қызметі судан тауып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны