16.05.2012, 11:13 2871

Ақтауда көлік қағып кеткен 3 жасар бүлдіршін ес түссіз ауруханада жатыр

Ақтауда "Крайслер Пацифика" көлігінің жүргізушісі тұрғын үйдің қасындағы автотұрақ маңында үш жасар баланы қағып кеткен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД жол полициясы басқармасынан хабарлады.

АҚтау. 16-мамыр. Kazakhstan Today - Ақтауда көлік қағып кеткен 3 жасар бүлдіршін ес түссіз ауруханада жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтауда "Крайслер Пацифика" көлігінің жүргізушісі тұрғын үйдің қасындағы автотұрақ маңында үш жасар баланы қағып кеткен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД жол полициясы басқармасынан хабарлады.

"8 мамырда сағат 18. 30 шамасында "Крайслер Пацифика" көлігінің 52 жасар жүргізушісі 22 шағын аудандағы 1-ші үйдің қасында орналасқан автокөлік тұрағының маңында үш жасар ұл баланы қағып кеткен", -деп жазылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бас жарақатын алған бала ес түссіз облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны