13.07.2007, 09:40 1346

Ақтауда шаруа қожалығындағы өрт салдарынан 19 жылқы өртенді

АСТАНА. 13-шілде. Kazakhstan Today. Ақтауда шаруа қожалығындағы өрт салдарынан 19 жылқы өртенді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеменің түсініктемесіне сәйкес, өрт 12-шілдеде жеке меншіктегі "Айнагүл" шаруа қожалығының ат қорасында шыққан. 18 сағат 11 минутта өрт 600 шаршы метр аумақта шыққан, соның салдарынан 19 жылқы жанып кетті. Қазіргі жағдаймен материалдық шығын көлемі есептелген жоқ. Өрт ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 2 техникасының күшімен 20 сағатта сөндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны