30.01.2012, 12:49 3829

Ақтауда шетелдік компания өкілінің өлі денесі табылды

Ақтаудың қасынан "Res automatic gates" компаниясының құрылтайшысы Литва азаматы Легус Ромуалдастың денесі табылған.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Ақтауда шетелдік компания өкілінің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Интерфакс-Казақстан" агенттігінің Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ақтаудың қасынан "Res automatic gates" компаниясының құрылтайшысы Литва азаматы Легус Ромуалдастың денесі табылған.

48-жастағы ер адамның мәйітін полиция қызметкерлері өткен жұмада Ақтаудан 3 шақырым жерден су каналынан екі метр тереңдіктен тапқан.

Қазіргі уақытта Литва азаматын өлтірді деп күдік келтірілгендер жауап беруде. Шұғыл тергеу шаралары жүргізілуде.

Л.Ромуалдас Ақтауға ұшақпен 16-қаңтар күні жеткен, жұбайына аман-есен жеттім, деп sms жолдаған, сосын із-түссіз жоғалып кеткен. Аумақта оны іздестіру шаралары жүргізілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны