22.06.2010, 18:24 2952

Ақтаудағы қатаң тәртіптегі түрмеден қашқан 8 сотталушы ұсталды (толықтырулармен)

Иділет министрлігі өкілінің айтуынша, олардың түрмеден қашып шығуларына қаруланған белгісіз біреу көмектескен. "Сотталушылардың қашып шығуына белгісіз біреулер көмектескен",- деп хабарлады Е. Ерімбет

Астана. 22-маусым. Kazakhstan Today Ақтаудағы қатаң тәртіптегі түрмеден қашқан 21 сотталушының 8-і ұсталды. Бұл туралы ҚР Иділет министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мекеменің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Иділет министрлігі өкілінің айтуынша, олардың түрмеден қашып шығуларына қаруланған белгісіз біреу көмектескен. "Сотталушылардың қашып шығуына белгісіз біреулер көмектескен",- деп хабарлады Е. Ерімбет.

Ол, бүгін таңғы сағат 5-те Маңғыстау облысы Ақтау қаласының қатаң тәртіптегі № 172/1 абақтысынан сотталушылардың қашып кеткендігін еске сала кетті.

Ресми өкіл, олардың "алтыншы пост маңындағы қоршаудан" асып түскендігін хабарлады.

"Сотталушылар қашу кезінде Ақтау қаласының № 6656 әскери бөлімінің жедел қызметінің әскери қызметкерлері қару қолданып, оқ атқан, мерт болғандар мен жараланғандар бар. Белгісіз біреулер қарсы оқ жаудырған. Соның салдарынан әскери қызметкерлердің бірі жараланды",- деп хабарлады Е. Ерімбетов.

Ол сондай-ақ "мерт болғандар түрме қызметкерлерінің ішінде жоқ, сотталушылардың арасында бар екендігін" хабарлады. Бірақ ол нақты мәліметтердің жоқтығына байланысты мерт болғандардың нақты санын айтқан жоқ.

Ол сондай-ақ сотталушылардың қандай бап бойынша сотталғандығы туралы да түсінік бере алмады.

"Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, нәтижесі бойынша процессуальдық шешім қабылданып, мекеме басшысына тиісті шара қолданылатын болады",- деп атап өтті Е. Ерімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны