11.01.2012, 14:21 3531

Ақтаудағы қоймалардың бірінде өрті шығып, бір адам қаза тапты

Ақтау қаласындағы қоймада болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты, тағы біреуі ауруханаға жеткізілген.

Астана. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Ақтаудағы қоймалардың бірінде өрті шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтау қаласындағы қоймада болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты, тағы біреуі ауруханаға жеткізілген.

10 қаңтар күні Ақтау қаласының Приозерный ауылында орналасқан "Рамзей" ЖШС-нің қоймасында өрт шыққан.

Өртті сөндіру кезінде 1967 жылы туған ер адамның мәйіті табылған. Оқиға орнынан 1947 жылы туған күйік шалған бір ер адам ауруханаға жеткізілді.

Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 23 маманы мен ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны