09.10.2007, 14:01 3050

Ақтаудағы қонақ үйлердің бірінен жезөкшелердің "ұясы" табылды

Ақтаудағы қонақ үйлердің бірінен жезөкшелердің "ұясы" табылды

Ақтау. 9-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері "Стоп трафик" атты жедел-профилактикалық шаралар өткізу барысында Ақтаудағы қонақ үйлердің бірінен жезөкшелердің "ұясын" тапқан. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, полицейлер тексеру барысында қонақ үйден жеңіл жүрісті он алты қызды тапқан. Олардың тоғызы ішкі істер департаментінің қабылдау бөлімен жеткізілді. Тексеру барысында белгілі болғандай, олар Өзбекстанның азаматшалары болып табылады, ал екеуі Оңтүстік Қазақстан облысынан келген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер сондай-ақ жеңгетайлық рөлін атқарып жүрген аталмыш қонақ үйдің администраторын құрықтаған.

Қазіргі уақытта оған қатысты жиналған материалдар тергеушінің тексеруінде жатыр және де Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 271-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны