23.06.2010, 12:51 2854

Ақтаудағы түрмеден қашқан сотталушылар діни секталардың мүшелері болуы мүмкін деген болжамдар жасалуда

Иділет министрлігі өкілінің айтуынша, олардың түрмеден қашып шығуларына қаруланған белгісіз біреу көмектескен. "Сотталушылардың қашып шығуына белгісіз біреулер көмектескен",- деп хабарлады Е. Ерімбет.

Астана. 23-маусым. Kazakhstan Today - Ақтаудағы түрмеден қашқан сотталушылар діни секталардың мүшелері болуы мүмкін деген болжамдар жасалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіне Ақтаудың "Лада" апталық газетіне сілтеме жасай отырып.

Естеріңізге сала кетсек, кеше таңғы сағат 5.00 Ақтаудағы қатаң тәртіптегі түрмеден 21 сотталушы қашқан. Олардың 8-і ұсталған.

"Сотталушылар электр қуаты өшкен кезде, мекеменің негізгі қоршауы арқылы қашқандығы белгілі болды",- деп хабарлады Қ. Жұманов.

"Лада" апталық газетінің хабарлауынша, түрме қызметкерлерінің бірі түрмеден қашқан сотталушылардың барлығы "белгісіз бір мұсылман сектасының мүшелері екендігін" айтқан. Газеттің хабарлауынша, "олар дәл таңғы намаз уақытында қашқан". Бірақ ҚР Иділет министрлігінің ресми өкілі түрмеден қашқандардың діни секталардың біріне мүше болулары мүмкін екендігі туралы ақпаратқа түсінік бере алмады.

Иділет министрлігі өкілінің айтуынша, олардың түрмеден қашып шығуларына қаруланған белгісіз біреу көмектескен. "Сотталушылардың қашып шығуына белгісіз біреулер көмектескен",- деп хабарлады Е. Ерімбет.

"Сотталушылар қашу кезінде Ақтау қаласының № 6656 әскери бөлімінің жедел қызметінің әскери қызметкерлері қару қолданып, оқ атқан, мерт болғандар мен жараланғандар бар. Белгісіз біреулер қарсы оқ жаудырған. Соның салдарынан әскери қызметкерлердің бірі жараланды",- деп хабарлады Е. Ерімбетов.

Ол сондай-ақ "мерт болғандар түрме қызметкерлерінің ішінде жоқ, сотталушылардың арасында бар екендігін" хабарлады. Бірақ ол нақты мәліметтердің жоқтығына байланысты мерт болғандардың нақты санын айтқан жоқ.

Ол сондай-ақ сотталушылардың қандай бап бойынша сотталғандығы туралы да түсінік бере алмады.

"Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, нәтижесі бойынша процессуальдық шешім қабылданып, мекеме басшысына тиісті шара қолданылатын болады",- деп атап өтті Е. Ерімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны