23.06.2010, 12:46 1530

Ақтаудағы түрмеден қашу кезінде екі сотталушы жараланып, бесеуі мерт болған - ҚР ІІМ

Естеріңізге сала кетсек, кеше таңғы сағат 5.00 Ақтаудағы қатаң тәртіптегі түрмеден сотталушылар қашып кеткен болатын.

Астана. 23-маусым. Kazakhstan Today - Ақтаудағы түрмеден қашу кезінде екі сотталушы жараланып, бесеуі мерт болған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, кеше таңғы сағат 5.00 Ақтаудағы қатаң тәртіптегі түрмеден сотталушылар қашып кеткен болатын.

Иділет министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, олардың түрмеден қашып шығуларына қаруланған белгісіз біреу көмектескен. "Сотталушылардың қашып шығуына белгісіз біреулер көмектескен",- деп хабарлады Е. Ерімбет.

"Сотталушылар қашу кезінде Ақтау қаласының № 6656 әскери бөлімінің жедел қызметінің әскери қызметкерлері қару қолданып, оқ атқан, мерт болғандар мен жараланғандар бар. Белгісіз біреулер қарсы оқ жаудырған. Соның салдарынан әскери қызметкерлердің бірі жараланды",- деп хабарлады Е. Ерімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны