15.09.2011, 11:11 3105

Ақтаудан ұшып келе жатқан ұшақ Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, оған ұшақтың алдыңғы шассиінің шықпай қалуы себеп.

Астана. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтаудан ұшып келе жатқан ұшақ Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "СКАТ" әуекомпаниясының №732-ші "Ақтау-Алматы" бағытында қатынайтын "Боинг-737" ұшағы кеше таңертең бірден Алматының халықаралық әуежайына қона алмаған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, оған ұшақтың алдыңғы шассиінің шықпай қалуы себеп.

Иуе кемесі қонар алдында Алматыны 20 минут бойы айналып ұшып жүрді. Оның бортында экипаждың 5 мүшесі мен 108 жолаушы болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны