23.06.2010, 15:52 3030

Ақтаудың қатаң тәртіптегі түрмесінен сотталушылар қашып кеткеннен кейін мылтық пен жарылғыш заттар табылды

Ақтаудың қатаң тәртіптегі түрмесінен сотталушылар қашып кеткеннен кейін мылтық пен жарылғыш заттар табылды

Астана. 23-маусым. Kazakhstan Today Ақтаудың қатаң тәртіптегі түрмесінен сотталушылар қашып кеткеннен кейін мылтық пен жарылғыш заттар табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР ІІМ Ішкі әскерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Түзету мекемесіне тінту жүргізу барысында жарылғыш заттар салынған сөмке мен "Сайга" винтовкасы табылды",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, сотталушылар іздеріне қуғыншы түскен кезде тағы бір винтовка, бір тапанша және жарылғыш заттар салынған пакетті лақтырып тастаған.

"Ақтау уақытымен таңғы сағат 5.00 Ақтаудағы қатаң тәртіптегі түрмеден 21 сотталушы қашқан болатын",- деп еске сала кетті баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, сағат 04.50 сотталған азаматтардың сыбайластары трансформаторлық қосалқы станцияны істен шығарып, түрмедегі сотталушыларды үш көлікпен күтіп тұрған. Дәл осы уақытта сотталушылар түрменің қоршауынан асып түскен.

"Сотталушылар қаша бастағанда Ақтау қаласының № 6656 әскери бөлімінің жедел қызметінің әскери қызметкерлері қару қолданып, оқ атқан, мерт болғандар мен жараланғандар бар. Белгісіз біреулер қарсы оқ жаудырған. Соның салдарынан әскери қызметкерлердің бірі жараланды",- деп хабарлаған болатын Е. Ерімбетов.

Жедел ақпараттарға сүйенсек, 13 сотталушы бой тасалап үлгерген. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Бұрын хабарлағанымыздай, түрмеден қашқан сотталушылар діни сектаның мүшелері болуы мүмкін деген болжам жасалған болатын. "Лада" апталық газетінің хабарлауынша, түрме қызметкерлерінің бірі түрмеден қашқан сотталушылардың барлығы "белгісіз бір мұсылман сектасының мүшелері екендігін" айтқан. Газеттің хабарлауынша, "олар дәл таңғы намаз уақытында қашқан".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны