10.09.2009, 09:46 1523

Ақтөбе халықаралық әуежайына жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды

Ақтөбе халықаралық әуежайына жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе халықаралық әуежайына кеше Қазан- Ақтөбе бағытында қатынайтын Як-40 жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "9 қыркүйекте сағат 19.09-да алдын-ала мәліметке сәйкес, шассидің ақауына байланысты Қазан- Ақтөбе бағытында 9401 рейспен қатынайтын "Бугульминские авиалинии" ААҚ-ына тиесілі RA-87447 нөмірлі Як-40 ұшағы апатты жағдайда қонды. "Ұшақта 12 адам, соның ішінде 4 экипаж мүшесі болған", - делінген хабарламада.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны