31.07.2008, 10:01 2764

Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында төрт далалық өрт шықты

Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында төрт далалық өрт шықты

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында төрт далалық өрт шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысының Тамды және Бестамақ ауылдық округтерінде 29 шілдеде шыққан өрт 30 шілдеде сөндіріліп, 400 гектар аумақты шарпыды.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Хобда ауданында 29 шілдеде 1500 гектар аумақта дала массиві өртенді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Кеңгір ауылдық округінде 30 шілдеде 5860 гектарда, Павлодар облысының Успенский ауданы Успенский ауылдық округінде 1200 гектар аумақта далалық өрт шықты. Өрттердің бәрі сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны