18.06.2010, 15:06 2828

Ақтөбе облысында 160 гектар жерді шарпыған екі дала өрті сөндірілді

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, 17-маусымда сағат 14.00-де Хромтау ауданындағы Дон ауылдық округінде 100 гектар аумақты шарпыған өрт тіркелген. Тілсіз жауды тек бес сағаттан көп уақыт өткен соң ғана құрықтау мүмкін болды.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today Ақтөбе облысында 160 гектар жерді шарпыған екі дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, 17-маусымда сағат 14.00-де Хромтау ауданындағы Дон ауылдық округінде 100 гектар аумақты шарпыған өрт тіркелген. Тілсіз жауды тек бес сағаттан көп уақыт өткен соң ғана құрықтау мүмкін болды.

ҚР ТЖМ хабаралауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, дәл осы күні Алға ауданы Үшқұдық ауылдық округінде маусымның 17-сі күні сағат 16.00-де 60 гектар аумақта дала өрті орын алған. Жалын бес сағат өткен соң ауыздықталды.

ҚР ТЖМ хабаралауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны