18.08.2010, 12:41 2850

Ақтөбе облысында 170 гектарды шарпыған екі дала өрті ауыздықталды

Ақтөбе облысында 170 гектарды шарпыған екі дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 18 - тамыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында 170 гектарды шарпыған екі дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, өрт Ақтөбе облысы, Ийтеке би ауданы, Бесқұдық ауылдық округінде дүйсенбі күні сағат 14.30-да басталған. Өрттің аумағы 80 гектар жерді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау кешкі сағат 22.00-ге қарай Бесқұдық ауылдық округінің 25 адам мен 5 техникадан тұратын күшімен ауыздықталған.

Сонымен қатар, осы күні сағат 16.20-да Ақтөбе облысы, Ийтеке би ауданы, Сарыат ауылдық округінде өрт шыққан. Бұл өрттің аумағы 90 гектар жерді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау тамыздың 17-сі күні түнгі сағат 02.10-да Сарыат ауылдық округінің ӨСД 60 адам мен 6 техникасынан құралған күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны