11.05.2010, 09:44 1297

Ақтөбе облысында 27 адам белгісіз газдан уланып қалды, олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда

Ақтөбе облысында 27 адам белгісіз газдан уланып қалды, олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда

Ақтөбе. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жем қаласында кәмелеттік жасқа жетпеген 19 бала мен 8 ересек, барлығы 27 адам белгісіз газдан улану деген диагнозбен сенбі күні ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today Жем қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл оқиғаға белгісіз газдың таралуы себеп болған, оның табиғатын қазір мамандар анықтап жатыр, газ ашылған газ баллонынан шыққан.

Белгісіз газдан уланған 27 адамның жағдайы қазір жақсарып қалды, олардың кейбірі үйлеріне шықты, деп хабарлайды ауруханадағылар.

"Бүгінгі жағдаймен ауруханада 10 бала мен 8 ересек қалды, олардың жағдайы біршама жақсарды, қалғандары медициналық көмек көсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді", - деп хабарлайды дәрігерлер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны