21.01.2011, 13:17 3275

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар жолдар жабылды

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 21 - қаңтар. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ ақпараттарына сүйенсек, қатты боран соғып, қардың қалың жаууына байланысты 20-қаңтарда сағат 19.30 бастап Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент автожолының Ақтөбе - Қарабұтақ учаскесінде (753-965 шақырым аралығы), Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз автожолының Ембі - Шалқар учаскесінде (91-257 шақырым аралығы) жол қозғалысы тоқтатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны