04.10.2007, 15:48 2941

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары пара алу үстінде құрықталды

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары пара алу үстінде құрықталды

Ақтөбе. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары пара алу үстінде құрықталды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінен.

Қаржы полициясындағылардың айтуынша, осы жазда Қандыағаш қаласының тұрғыны аудан әкіміне өзі тұрып жатқан пәтерді жекешелендіруге рұқсат сұрап, жүгінген. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін және де тұрғын үй комиссиясының төрағасы болып табылатын аудан әкімінің орынбасары, өтінішті қарағаннан кейін әйелден "оның мәселесін шешуге көмектескені үшін" сыйақы ретінде 2 мың АҚШ долларын талап еткен. Олай болмаған жағдайда шенеунік оны пәтерінен шығаратындығын айтып, қорқытқан.

Ийел Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментіне жүгінген. Ақша боспалаушы қылмыс үстінде ұсталды. Қаржы полицейлері одан белгі қойылған 200 мың теңге тәркілеген.

"Аталмыш дерекке қатысты материалдар сот органдарына жіберілді",- деп қосты қаржы полициясы департаментіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны