30.07.2008, 18:22 3222

Ақтөбе облысында аумағы 1500 гектар болатын дала өрті шықты

Ақтөбе облысында аумағы 1500 гектар болатын дала өрті шықты

Астана. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында аумағы 1500 гектар болатын дала өрті шықты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе облысының Темір ауданының Алтықарасу ауылдық округінде (аудан орталығынан 90 шақырым жер) 28 шілде күні сағат 17.00-де аумағы 1500 гектар болатын дала массиві өртенді.

Өрт 29 шілдеде түнгі сағат 02.00-де сөндірілді. Өрт сөндіруге 15 адам мен 2 техника жұмылдырылды. Оның ішінде ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны