27.10.2006, 09:52 2898

Ақтөбе облысында автокөліктің жылу құбырына соғысуы салдарынан екі адам мерт болды

АСТАНА. 27-қазан. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында автокөліктің жылу құбырына соғысуы салдарынан екі адам мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат 26-қазанда 11 сағат 30 минутта Хромтау ауданында Хромтау қаласының "ДГОК" АҚ-ына қарасты карьердің технологиялық трассасында болған. "Форд" автокөлігінің жүргізушісі жылу құбырына соғысты. Апат салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны