01.07.2011, 17:38 3698

Ақтөбе облысында белгісіз біреулер екі полиция қызметкерін атып кетті

Полицейлерді өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 96 бабы 2 бөлімі бойынша ("Екі немесе оданда көп адам өлтіру") қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе. 1-шілде. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында белгісіз біреулер екі полиция қызметкерін атып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысында екі полицей - Темір ІІАБ Кенқияқ ПТП патрульдік-бекеттік қызмет сержанттары Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаевты белгісіз біреулер атып кеткен. Бұл жөнінде брифинг барысында облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев хабарлады.

"30 маусымда шамамен сағат 20:00-де Темір ІІАБ Кенқияқ ПТП патрульдік-бекеттік қызмет сержанттары Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаев УАЗ қызметтік көлігінде Темір ауданы Шұбаршы кентін күзету қызметіне кірісті. Түнгі сағат 12 шамасында (Шұбаршы кентіндегі) тірек бекетіне "Митсубиши Делика" автокөлігінде белгісіз біреулер келіп, белгісіз қарудан қызметтік автокөлікке оқ жаудырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Нәтижесінде екі полицей Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаев оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады А.Иманғалиев.

Полицейлерді өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 96 бабы 2 бөлімі бойынша ("Екі немесе оданда көп адам өлтіру") қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны