21.12.2007, 17:32 2976

Ақтөбе облысында бірлескен кәсіпорында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбе облысында бірлескен кәсіпорында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбе. 21 желтоқсан."Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында бірлескен кәсіпорында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға Қазақстан мен Австралия бірлескен "Восход-Oriel" ЖШС-інде, Хромтау ауданында болған.

Бітеліп қалған құбырды жөндеу барысында бір шахтада 30 жастағы жұмысшының үстіне кран құлаған. Басынан ауыр соққы алған жұмысшы оқиға орнында жан тапсырды.

Бұл дерек бойынша арнаулы комиссия тексеру жүргізіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны