18.06.2009, 09:33 1189

Ақтөбе облысында ер адамға қойылған "күйдіргі" деген диагноз расталды

Ақтөбе облысында ер адамға қойылған "күйдіргі" деген диагноз расталды

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында ер адамға қойылған "күйдіргі" деген диагноз расталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, кеше сағат 10.40-та Ақтөбе облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасынан ағымдағы жылдың 15 маусымында сағат 19.30-да облыстық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне "күйдіргі" деген алдын-ала диагнозбен 37 жастағы жігіттің жатқызылғаны туралы хабар келген. Кеше облыстық дәрігерлер консилиумы "күйдіргі" деген диагнозды растады.

Жігітпен байланыста болған алты адам анықталып, олар дәрігерлердің бақылауына алынды, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны