25.01.2010, 09:50 1475

Ақтөбе облысында көмірқышқыл газынан улану салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды

Ақтөбе облысында көмірқышқыл газынан улану салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында көмірқышқыл газынан улану салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында Ибілқайыр хан көшесіндегі жер үйде сағат 04.30-да көмір жағатын пештің ақауы салдарынан бес адам уланды. 19 жастағы бір қыз оқиға орнында жан тапсырып, тағы үш адам, соның ішінде 51 және 26 жастағы әйелдер мен 9 жасар бала және жаңа туған нәресте ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны