07.06.2011, 10:25 1507

Ақтөбе облысында маневрлік тепловоз жолаушылар пойызымен соғылып қалды

"2011 жылдың 6-маусымыкүні сағат 22.30 Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембi стансасы, 57 жол торабында № 2512 маневрлiк тепловоз (машинист Трофимов) "Ақтөбе-Алматы" бағытына қатынайтын жолаушылар пойызының соңғы 17-ші вагонымен (машинист Сало) соқтығысты", - деп ақпарат береді баспасөз қызметі.

Астана. 7 - маусым. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында маневрлік тепловоз жолаушылар пойызымен соғылып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысында маневрлiк тепловоздың "Ақтөбе-Алматы" бағытына қатынайтын жолаушылар пойызының 17-ші вагонымен соқтығысуы салдарынан 3 адам зардап шекті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлiгінің баспасөз қызметi хабарлаған.

"2011 жылдың 6-маусымыкүні сағат 22.30 Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембi стансасы, 57 жол торабында № 2512 маневрлiк тепловоз (машинист Трофимов) "Ақтөбе-Алматы" бағытына қатынайтын жолаушылар пойызының соңғы 17-ші вагонымен (машинист Сало) соқтығысты", - деп ақпарат береді баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан пойыз жолаушылары: 1998 жылы туған Ж.Нысанқұлов пен 1988 жылы туған Б. Бердібай алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жіберілді; 1964 жылы туған жолаушы Б. Балтурин ауруханаға жеткізілді.

Сағат 23.38 жолаушылар пойызы қозғалысын жалғастырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны