16.02.2011, 12:50 3600

Ақтөбе облысында Самара - Шымкент тасжолы жабылды

Ақтөбе облысында Самара - Шымкент тасжолы жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 16 - ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында Самара - Шымкент тасжолы жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспаасөз қызметінің хабарлауынша, жол ауа райының бұзылып, боран соғып, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты 15 ақпан күні кешкі сағат 20.00-ден бастап көліктің барлық түрі үшін жабылған.

Атап айтқанда, "Самара-Шымкент" (773 шақырымынан бастап), "Ақтөбе-Орск" (32-ші шақырымынан бастап) және "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" (257-ші шақырымына дейін) автожолдарындағы қозғалыстарға шектеу қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны