06.02.2007, 13:48 3780

Ақтөбе облысында тағы үш адам үсіп өлді

АСТАНА. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында тағы үш адам үсіп өлді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме аақпаратына сәйкес, үш адамның мәйітін жергілікті тұрғындар Ийтеке би ауданының Сарбұлақ ауылынан 15 шақырым жерден тауып алған. "Адамдар үсікке шалдығу салдарынан қайтыс болған",- деп хабарлайды мекеме.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 3-ақпан, сенбіде Шахты ауылына таяу жерде тағы екі адам табылған болатын. Бұзылған тракторда қарға қамалып қалған бір әйел мен жігіт үсіп өлді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны