17.04.2008, 15:10 3213

Ақтөбе облысында жарылғыш зат жөнінде жалған ақпарат берген лицей студенті қолға түсірілді

Ақтөбе облысында жарылғыш зат жөнінде жалған ақпарат берген лицей студенті қолға түсірілді

Ақтөбе. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында жарылғыш зат жөнінде жалған ақпарат берген Хромтау қаласындағы лицейлердің бірінің екінші курсының 18 жасар студенті қолға түсірілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл Хромтау ауданында болды. Белгісіз біреулер номері жасырылған ұялы телефон арқылы №3 орта мектеп директорына телефон шалып, ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген", - деп хабарлады Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев.

Оның сөздері бойынша бұл хабардан кейін "оқиға орнына ауданның шұғыл қызметтері, прокуратуры, әкімдік және ҰҚКД қызметкерлері келіп жетті".

Мектептен жедел түрде 600 адам сыртқа шығарылды. Олардың қатарында оқушылар, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер болды. Бес сағат уақыт бойы жүргізілген іздестірулер барысында жарылғыш зат табылмады.

"Бағымызға орай, ғимаратта жарылғыш зат болмай шықты. Шұғыл-іздестіру шаралары кезінде "қалжың ретінде мектепке телефон шалдым" деп кінәсін мойындаған күдікті анықталды ", -деді А. Иманғалиев.

Қазіргі күнді бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 242 бабы (Лаңкестік туралы жалған ақпарат беру) бойынша қылмыстық іс қозғау жөнінде мәселе қарастырылып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны