09.10.2007, 11:31 1530

Ақтөбе облысында жазық дала өртенді

Ақтөбе облысында жазық дала өртенді

Астана. 9-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының, Хромтау ауданында 8-қазан күні күндіз жазық далада өрт шыққан, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, өрт аудан орталығынан 20 шақырым жерде шыққан, тілсіз жау 900 гектар жерді шарпыған.

Өрт 5 сағаттан кейін ауыздықталды. Өртті сөндіруге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 1 бірлік техникасы мен жеке құрамның 8 адамы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны