05.06.2008, 10:25 1427

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, төртеуі ауруханаға жатқызылды

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, төртеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 4 маусымда 19 сағат 07 минутта Ақтөбе - Астрахань (25 шақырым) тас жолында "Форд" және "Фольксваген" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан "Форд" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. "Фольксваген" жүргізушісі мен оның үш жолаушысы, соның ішінде 9 жасар бала мен 16 жасар қыз ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны