15.06.2006, 18:11 3235

Ақтөбе облысындағы бір ауданның әкімі қаржы жымқырған күдікті деп танылуда

АҚТӨБЕ. 15-маусым. Kazakhstan Today. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі қаржы жымқырған күдікті деп танылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Икімнің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің “сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу” жөніндегі 176-шы, “билігін немесе лауазымдық құқығын асыра пайдадану жөніндегі” 307-ші баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды”,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі облыстық департаменті.

Іс материалдарына сәйкес, 2005-жылғы күзде жылыту маусымы басталар алдында Мұғалжар ауданы әкімінің өтінішімен бірқатар ірі кәсіпорындар коммуналдық қызметтердің есепшоттарына 151 млн. теңге аударған. Бұл қаржы Ембі, Қандыағаш және Жем қалаларының инфрақұрылымын дамытуға арналған болатын. Алайда, “әкім заңды белден баса отырып, тиісті байқау өткізбестен” демеушілердің қаражатын жеке меншік фирмалардың есепшоттарына аударуға шешім қабылдап, бұл туралы коммуналдық қызметтердің директорларына жазбаша түрде нұсқау берген. Артынан қаржы полициясы бұл қаржының қолма-қол ақшаға айналдырылып, қолды болғанын анықтады.

Қазір аудан әкімі үй тұтқында отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны