02.03.2010, 18:07 3156

Ақтөбе облысындағы Дон кен байыту комбинатында 28 жастағы жұмысшы мерт болды

Ақтөбе облысындағы Дон кен байыту комбинатында 28 жастағы жұмысшы мерт болды

Ақтөбе. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында Хромтаудағы Дон кен байыту комбинатында 2 наурызға қараған түні сағат 2.30 шамасында жөндеу жұмыстары кезінде 28 жастағы жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Хромтау қаласында тұратын кезекші слесарь жігіт кенді байыту және жентектеу фабрикасының окатыш өндіретін бөлігіндегі конвейер таспасын жөндеу кезінде ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырған.

"Оқыс оқиғаның себептері анықталу үстінде", - деп хабарлайды ТЖД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны